Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Продюсері: Әміре Төреғали сияқты болмайды

Продюсері: Әміре Төреғали сияқты болмайды
ашық дереккөз
Жан Мұқанов әзірге тойдан келіп жатқан ұсыныстардан бас тартқандарын жеткізді
«Славян базары» байқауында 1-орынды иеленген отандасымыздың продюсері Жан Мұқанов әншінің өзге құрдастары секілді той әншісі болып кетпейтінін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Оның образы мен стилі қазақстандық басқа әншілерден өзгешеленетін болады. Осы тұста прототип жасағым келіп тұрған жоқ. Десе де, оның той әншісі болғанын қаламайтыным рас. Шынымды айтсам, әзірге болашағына қатысты ешнәрсе айта алмаймын», - дейді продюсер. Сондай-ақ, ол әзірге тойдан келіп жатқан ұсыныстардан бас тартып жатқандарын жеткізді. «Әміренің Төреғали сияқты болмайтынына уәде беремін. Төреғалимен жоспарлағанымыздың барлығын жасадық. Ал бұл жолы формат өзгеше болмақ. Тіпті, бүгін таңертең бір адам Әміренің тойға келуін өтінді. Біз бірден бас тартып, қазір ең бастысы той еместігін айттық. Қазақстандық әртістердің тойдан ғана ақша тауып жүргендерін жасырудың қажеті жоқ шығар. Ал біз керісінше табысты концерттерден табуға тырысамыз», - дейді ол. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар