Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда сатылып жатқан шұжықтардың құрамынан адам ағзасына өте зиян зат табылды

Қазақстанда сатылып жатқан шұжықтардың құрамынан адам ағзасына өте зиян зат табылды
ашық дереккөз
Шұжық өнімдерінің 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, оның 285 өнімі техникалық регламент талаптарына сай келмейді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздің сауда нысандарын аралап, техникалық талаптарға сай келмейтін шұжық өнімдерін анықтауда. «Еліміздегі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау аясында шұжық өнімдерінің 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, оның ішінде 285 шұжық өнімі техникалық регламент талаптарына сай келмеді», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада. Комитеттің айтуынша , «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосымша заттардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті талаптарына сәйкес  ең бірінші, шұжық өніміндегі натрий нитраты 50 мг/кг аспауы тиіс.  Ал, Петропавл қаласының «Северный» супермаркетінде ресейлік «Стародворские колбасы» ЖАҚ «Докторская» шұжығынан (өндірілген күні - 2018 жылғы 14 маусым) 66,6 мг/кг натрий нитриті  табылған. Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы «Уют» дүкенінде «Омский бекон» АҚ «ПОПУЛЯРНАЯ» пісірілген шұжығында  (өндірілген күні - 2018 жылғы 31 мамыр) 60,6 мг/кг натрий нитриті анықталған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Пресновка селосындағы «Сова» дүкенінде «Омский бекон» АҚ өндірген «Бутербродная» пісірілген шұжығы (өндірілген күні - 2018 жылғы 11 маусым, натрий нитритінің құрамы - 109,8 мг/кг), «Походная» жартылай сүрленген шұжығы (өндірілген күні - 2018 жылғы 15 маусым, натрий нитритінің құрамы - 72 мг/кг) талаптарға сай келмеген. Жоғарыда аталған тәртіп бұзушылықтардан басқа, «Омский бекон» АҚ «Южная», «Сельская» және Заречная шұжықтарынан  левомицетиннің артық мөлшері анықталған. Сондай-ақ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптары» техникалық регламент талаптарына сәйкес, шұжық өнімдеріндегі левомицетиннің деңгейі 0,01 мг/кг аспауы тиіс. «Құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамның денсаулығының төмендеуі байқалуы мүмкін. Осылайша, нитриттер адамның қанымен араласып, нәтижесінде метемоглобин деп аталатын зат пайда болып, оттегінің алмасуына кедергі келтіреді, ол оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) алып келеді. Гипоксия адам бойында әлсіздік, өзін нашар сезіну, ұйқышылдық, құсу, жүйке жүйесі, жүрек функциясының, бүйрек пен бауыр тіндерінің бұзылуын тудырады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз баянында.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар