Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда енді жыныстық тәрбие туралы оқушыларға көбірек айтыла бастайды

Қазақстанда енді жыныстық тәрбие туралы оқушыларға көбірек айтыла бастайды
Сурет: ucheba.ru
Адам физиологиясына қатысты пәнге енгізілген.

Депутаттар биология оқулықтарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ 7-9-сынып оқушылары үшін жыныстық тәрбие мен салауатты өмір салты бойынша міндетті модульдер немесе сабақтар әзірлеу мәселесін көтеріп, сауал жолдады. Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Бұл тақырыптар биология пәнінің қолданыстағы оқу бағдарламасында қарастырылған. Атап айтқанда, онда репродуктивті денсаулық, адам физиологиясы және салауатты өмір салты мәселелері қамтылған”, – деп жауап берді Аида Балаева.

Бұл тақырыптар "Көбею, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және эволюциялық даму" бөліміне енгізілген және 25 оқу мақсатын қамтиды.

Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанынан орта білім беру мазмұнын жетілдіру жөніндегі құрылған жұмыс тобында "Адам физиологиясы және денсаулығы", "Репродуктивті денсаулық және гигиена", сондай-ақ "Экология негіздері және тұрақты даму" бағыттарын күшейтуге қатысты ұсыныстарды қарайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар