Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында құтқарушылар су алған аймақтан 58 адамды эвакуациялады

Алматы облысында құтқарушылар су алған аймақтан 58 адамды эвакуациялады
видеодан скрин
Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп көпірді бұзып, демалыс алмағын су алды.

Алматы облысында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ТЖМ. 

Нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген шатқалындағы Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, соның салдарынан Түрген - Ассы автожолының жекелеген учаскелерін су шайып кетті.

"Су басқан аймақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар, "Водник" бау-бақша серіктестігіндегі төрт аула аумағын су басты", - деп жазылған хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, сел қаупі бар жағдайға мониторинг жүргізіліп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Салдарды жою жұмыстарына 300-ге жуық қызметкер мен 44 техника жұмылдырылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар