Енді кім көрінген психолог болып елді емдей алмайды: Тоқаев құжатқа қол қойды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 07:54
- 6
Мемлекет басшысы "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Психологиялық қызмет алғаш рет заңмен реттеледі:
Жаңа заңның басты ерекшелігі – психолог мамандығына қойылатын талаптарды нақты белгілеуі. Жаңа заңға сәйкес:
Енді арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін "психолог" деп атай алмайды;
️"Психо-коуч", "психо-кеңесші" атауларын қолдануға да шектеу қойылады;
️Енді кәсіби білімі жоқ адамдардың "психолог" сөзін жарнамалық мақсатта пайдалануына тыйым салынады;
️Жаңа заң бойынша психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбайды;
️Сондай-ақ қабылдау кезінде адамның рұқсатынсыз бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынады.
Құжат біліктілігі жоқ жалған мамандарға тосқауыл қойып, азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз қызмет алуын қамтамасыз етеді.


