Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

СҚО-да ер адам 13 жастағы қызды түні бойы ұстап, зорлады деген күдікке ілінді

СҚО-да ер адам 13 жастағы қызды түні бойы ұстап, зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: riavrn.ru
Ер адам оқушы қызды ертіп, бір күн бойы азаптағаны туралы ақпарат тарады.

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам түні бойы 13 жастағы қызды ұстап, зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Halyqstan Telegram арнасы⁠ның мәліметінше, оқиға 1 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында болған.

Кешкі уақытта 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан сәтте көрші ауылдың тұрғыны мотоциклмен келіп, серуендеуге шақырған. Қыз келіскен. Содан кейін қыз үйіне оралмаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл адамдары болып қызды түні бойы іздеген. Келесі күні таңертең елді мекеннен тыс жерден тапқан.

Бұл ақпаратқа қатысты әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар