Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баум тоғайында қыздың үстіне ағаш құлады: полиция түсініктеме берді

Баум тоғайында қыздың үстіне ағаш құлады: полиция түсініктеме берді
Сурет: видеодан скриншот
Ағаш құлаған қыз комаға түсті.

Алматы полиция департаменті Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған қызға қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Алматы полициясының хабарлауынша, Түрксіб аудандық полиция басқармасында Баум тоғайында ағаштың құлауы салдарынан жас қыздың алған жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізілуде, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар