"Интимдік суреттерін таратқан": Жетісу облысында жігіт кәмелетке толмаған қызды бопсалаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 шілде, 2026
- 156
Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік сипаттағы материалдарын заңсыз таратты деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қызбен TikTok әлеуметтік желісі арқылы танысып, кейін олардың байланысы мессенджерлердің бірінде жалғасқан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып және 20 мың теңге көлемінде сыйақы беремін деп уәде етіп, кәмелетке толмаған қыздан интимдік сипаттағы материалдарды алған.
Тергеу деректеріне сәйкес, кейін ер адам кәмелетке толмағанның сексуалдық сипаттағы бейнелері бар материалдарды мессенджердегі жабық арналар арқылы таратып, одан материалдық пайда тапқан.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.




