Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бурабайда квалроцицкл аударылып, 22 жастағы қыз көз жұмды

Бурабайда квалроцицкл аударылып, 22 жастағы қыз көз жұмды
Сурет: pexels.com
Бурабай жолында квадроцикл жүргізіп келе жатқан қыз рульге ие бола алмай қалған.

Ақмола облысы Бурабай ауданында 22 жастағы Астана тұрғыны квадроцикл апатынан көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 7 шілдеде 22 жастағы Мәскеу тұрғыны Зеленый Бор мен Бурабай ауылдары арасындағы жол учаскесінде квадроцикл жүргізіп келе жатып, рульге ие бола алмай, аударылған. Ол алған жарақатыан оқиға орнында қайтыс болған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Квадроцикл жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, соның ішінде квадроциклдерді жалға беру дүкенінің жұмысын, жабдықты жалға алу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және қайғылы оқиғаға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді тексеруде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар