Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қазақстандықтарға қауын-қарбызды қай кезден бастап жеуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қауын-қарбызды шілденің соңынан бастап жеу дұрыс.
"Қауын-қарбызды шілденің соңынан қыркүйекке дейін тұтынған қауіпсіздеу болып саналады. Сол кезеңде олар ешқандай қоспасыз, тыңайтқышсыз, өсу стимуляторынсыз-ақ піседі. Сондықтан, әрине, әсіресе балаларға қазір бермеген дұрыс. Бұл менің сарапшы ретіндегі пікірім", - деді Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, басқа елдерден келетін барлық жеміс-жидек және көкөністер әртүрлі зиянкестер мен аурулардың болмауын қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық тексеруден өтеді.
"Фитосанитариялық бақылау тұрғысынан біз мұны қауіпсіз деп санаймыз. Дегенмен, химиялық заттардың қалдық мөлшері азғаға қауіпті болуы мүмкін және біз бұл мәселе бойынша СЭС-пен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін спикер.




