Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраудағы бір отбасының жоғалуы: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына сотталды

Атыраудағы бір отбасының жоғалуы: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына сотталды
Сурет: atyrautoday.kz/
Өз әйелінің туыстарын өлтірді деген Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Атышулы іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемалиевті бүтін бір отбасыны өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп үкімді оқыды судья Зарема Хамидуллина.

Сондай-ақ, сот сотталған ер адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтіні туралы шешім шығарды.

"Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. 2026 жылғы 8 наурыздан үкім күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыт жаза мерзіміне есептеледі", - деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Сұлтан Сәрсемалиевке төрт адамды ерекше қатігездікпен өлтірді деген айып тағылған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.

Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайының әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет, ағасы Наурыз Мұқанғалиевке - 10, отбасының отағасы Мақсот Қарабалинге - 9 рет, ал анасы Нәсіп Өтешқалиеваға - 8 рет пышақ салған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар