Қоғам
Ақтауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:51
- 22
Туған күнін тойлауға барған жаөспірімнің денесі табылды.
Туған күнінде достарымен демалуға кетіп, жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханов өлі табылды. Бірнеше күннен бері іздеу жұмымтары жүргізіліп жатқан еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару жұмыстары Каспий теңізінің шомылуға жабдықталмаған учаскесінде жүргізілген.
Бозбаланың денесі бүгін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта судан табылды. Құтқарушылар марқұмның денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 18 жастағы жігіттің жоғалып кеткені хабарланған болатын.



