Басты жаңалықтар
Ержан Рашев өзін танымал продюсермен салыстырды (фото)
- автор kyn.kz
- 19 шілде, 2018
- 303
«Кардашьян сіңлісінің бөксесі әдемірек»
Ержан Рашев пен оның келіншегі жұлдызды жұп Кайли мен Трэвис Скоттқа ұқсағылары келген сияқты. Күні кеше Рашев әлеуметтік желідегі парақшасына GQ журналының мұқабасына ұқсаған суретін жүктеді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын GQ журналының мұқабасына Кайли мен қызының әкесі Трэвис Скоттың суреті шыққан еді. Бұл жұлдызды жұптың алғашқы фотосессиясы мен бірлескен сұхбаты. Ол жерде Кайли Трэвиспен қалай танысқаны туралы толығырақ айтып берген.
Сұхбат көпшіліктің көңілінен шыққанымен, журналдың мұқабасын сынағандар табылды. Себебі, Кайли мен Трэвис түскен кадр әйгілі Серж Генсбур мен Джейн Биркинді қайталып тұр. Кейінгілерін 1978 жылы белгілі суретші Хельмут Ньютон түсірген. Ержан Рашев пен келіншегі де дәл осылай жұлдызды жұпты қайталап көргілері келген сыңайлы. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі бұл суретті ұнатса, кейінгілері оның келіншегінің дене сымбатына көңілдері толмайтынын жазып жатты. Арасында боғауыз сөздер жазып кеткендер де болды.
«Сондай күлкілісіңдер», «Меніңше, Ержан шашын артқа қайыруы керек, ал Джулианаға нәзігірек бола түсу қажет. Және суретті сәл ағартып жіберсе тамаша болатын еді. Бірақ, бәрібір маған екеуің де ұнайсыңдар. Импровизация керемет», «Кардашьянның сіңлісінің бөксесі әдемірек», «Айтарға сөзім жоқ», «Сіздің әйеліңіз бірнәрсе шеге ме?», «Түпнұсқа қашан да жақсырақ» деп жазды олар.
Автор: Kyn.kz
Келесі мақала