Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иіс шығып, шыбындар қаптаған: Астанада дүкендер мен дәмханаларға қауіпті ет жеткізілген

Иіс шығып, шыбындар қаптаған: Астанада дүкендер мен дәмханаларға қауіпті ет жеткізілген
kyn.kz
Үш тоннадан астам ет өнімі анықталды.

Елордада полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өнімдерін өңдеу цехын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде оның ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Дайын өнімдер қаланың жеке дүкендері мен дәмханаларына жеткізіліп отырған.

Шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Цехта температуралық режимдер сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда сақталған.

Еттің бір бөлігінде өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған.

Барлық өнім жойылды. Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар