Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады
instagram/leomessi
Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластары мен жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Tengri Sport.

"Осы жылдардағы ең керемет нәрсе - жеңіп алған атақтарымыз ғана емес, бірге жүріп өткен жолымыз. Осы командамен өткізген әр күніміз, бірге қатысқан жарыстарымыз, еңсерген қиындықтарымыз және әрбір сәттен алған ләззатымыз ерекше болды.

Әрбір командаласыма, бапкерлер штабына және құрамамыздың бір үлкен отбасы болып қалуы үшін күн сайын барын салып жүрген барлық адамға алғыс айтамын.

Қалай болғанда да, бұл команда біз ешқашан ұмытпайтын әрі ешкім өшіре алмайтын тарихты жазып үлгерді. Алға, Аргентина!" - деп жазды Месси әлеуметтік желідегі парақшасында.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. Шешуші матч 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан "МетЛайф" стадионында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі болып словениялық Славко Винчич тағайындалды. Ойын Астана уақытымен сағат 23:50-де басталады. Матчты "Qazsport" және "Qazaqstan" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар