Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан Энергетика министрлігі КҚК терминалына жасалған жаңа шабуылға қатысты түсініктеме берді

Қазақстан Энергетика министрлігі КҚК терминалына жасалған жаңа шабуылға қатысты түсініктеме берді
Сурет: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images
Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "NELSA" танкеріне ұшқышсыз ұшу аппаратынан шабуыл жасалған. Салдарынан өрт шыққан, дегенмен ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жүргізіліп жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Министрлік өкілдері Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу барысында танкерлерге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған еді. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеп жатқан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар