Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелінің отбасын аса қатыгездікпен өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласына қатысты мәлімет шықты

Әйелінің отбасын аса қатыгездікпен өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласына қатысты мәлімет шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласының тағдыры не болмақ?

Атырауда жұбайының туыстарын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шыққаннан кейін оның бес баласының тағдыры белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, балалардың үлкендері 10, 8, 5 және 3 жаста, ал кенжесі 1 жас 6 айлық. Бұған дейін әкімдік өкілдері үкім заңды күшіне енгенге дейін ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмайтынын мәлімдеді.

Соттың түпкілікті шешімі шыққанға дейін және әлеуетті қамқоршылардан ресми өтініш түскенше балалар арнайы мемлекеттік мекемелерде болады.

"Мұндай мекемелерде балаларға тәулік бойы күтім жасалады: олар толық тамақпен, қажет киім-кешек және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілген. Штаттағы психолог балалардың жай-күйін қолдауға, олардың бейімделуіне бағытталған жеке және топтық психологиялық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді", - деді әкімдік өкілдері.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КББО) директоры Құндыз Ғиниятованың айтуынша, балалардың төртеуі осы орталықта, ал ең кенжесі сәбилер үйінде.

"Балалардың жағдайы жақсы. Олар бізге ақпанда келді, содан бері денсаулығына қатысты ешқандай шағым болған жоқ. Тұрақты түрде медициналық тексерістер өткіземіз. Барлық бала медициналық тексерістен өтті және денсаулығы жақсы деген қорытынды бар", - деді Құндыз Ғиниятова.

Орталық директоры балаларға жақындары жиі келіп тұратынын да жеткізді. Оның айтуынша, әкесі жағынан атасы мен әжесі кесте бойынша аптасына бір рет келіп тұрады. Анасының туыстары да бірнеше рет келген.

Құндыз Ғиниятованың сөзінше, қазір орталық тәрбиеленушілерді кез келген ықтимал сценарийге, яғни туыстарының қамқорлығына қайтаруға немесе отбасы үлгісіндегі "Шаңырақ" балалар ауылына ауыстыруға дайындап жатыр.

Мекеме басшысы құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиеваны ата-ана құқығынан айырмаса, ол сауыққаннан кейін балаларын қайтарып алуға құқығы бар екенін мәлімдеді.

"Анасы сауығып, әрекетке қабілетті деп танылса, ол балаларды "Шаңырақтан" алып кете алады. Олардың ресми мәртебесі анықталғанға дейін балалар бізде болады. Бірақ қорғаншылық органы анасы емделіп жатқан уақытта балалар балалар ауылында болғаны дұрыс деп шешсе, біз оларды қорғаншылық органы және білім басқармасының рұқсатымен сонда жібереміз", - деп түйіндеді Құндыз Ғиниятова.

Айта кетейік, 9 шілдедегі жағдай бойынша туыстарының ешқайсы әлі ресми түрде қамқоршылыққа өтініш бермеген.

Еске салайық, 14 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шығарды. Сот оны әйелінің төрт туысын асқан қатігездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тергеу органы Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқ екенін анықтады. 10 сәуірден бері әйел Алматыдағы Сот сараптамасы институтында жатыр. Сарапшылардың мәліметінше, ол динамикалық бақылау мен диагностиканы қажет етеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар