Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде жүргізушілерге қатысты жаңа ержелер 25 тамыздан бастап өз күшіне енеді

Елімізде жүргізушілерге қатысты жаңа ержелер 25 тамыздан бастап өз күшіне енеді
Сурет: kolesa.kz
Кейбір қазақстандықтарға қатысты жол ережесіне қатысты жаңа ережелер енеді.

Қазақстанда 25 тамыздан бастап көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жаңа тәртіп бойынша 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер мерзімді медициналық тексеруден өтуге міндетті. Дәрігерлердің көлік басқаруға жарамдылығы туралы қорытындысы жол қозғалысы саласындағы цифрлық ақпараттық жүйеге енгізілуі керек.

Егер жүйеде жүргізушінің денсаулық жағдайы туралы тиісті мәлімет болмаса, оның көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Медициналық қорытынды цифрлық жүйеге енгізілгеннен кейін жүргізушінің көлік басқару құқығы қайта қалпына келтіріледі.

Өзгерістер мас күйде көлік жүргізуге қатысты қылмыстық ісі айыптау үкімінсіз тоқтатылған азаматтарға да қолданылады.

Мұндай жағдайда жүргізуші көлік басқару құқығын сақтап қала алмайды. Шешім заңды күшіне енген қаулы негізінде қабылданады және соттың қосымша үкім шығаруы талап етілмейді. Көлік басқару құқығынан айырылған азаматтар оны сегіз жылдан кейін ғана қайтара алады. Ол үшін жүргізуші медициналық тексеруден өтіп, жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтихан тапсыруға тиіс.

Осылайша жаңа талаптар жүргізушілердің медициналық жарамдылығы туралы деректерді цифрлық жүйеде міндетті түрде тіркеуді және мас күйде көлік жүргізгендерге жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар