Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында мопед жүргізушісі үлкен кісіні қағып, қашып кеткен

Алматы облысында мопед жүргізушісі үлкен кісіні қағып, қашып кеткен
Сурет: almaty_typical
Мопед жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті.

Алматы облысының Боралдай кентінде мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан кейуананы қағып, қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 20 шілде күні сағат 16:03 шамасында Абылай хан көшесінде болған.

Соққыдан әйел де, мопед жүргізушісі мен жолаушысы да жан-жаққа ұшып кеткен. Зейнеткер бірнеше метр жерге ұшып түсіп, асфальтқа құлаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мопед жүргізушісі зардап шеккен әйелге көмек көрсетпестен, оқиға орнын тастап кеткен

Алматы облысы полиция департаменті мопед жүргізушісінің кім екені анықталғанын хабарлады.

– Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған және жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мен мопед жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жүргізушінің жеке басы дереу анықталды, – деп мәлімдеді полиция.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар