Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды

БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды
Сурет: wku.edu.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі ЖОО ректоры ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұстау фактісін растады, алайда себебі мен мән-жайы әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғары оқу орны ректорының ұсталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны туралы Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан хабарлады.

Оның айтуынша, Серғалиев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ оның жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілгені айтылды.

Сонымен қатар ұстау шарасын ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізгені хабарланды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі ЖОО ректоры ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Қазіргі уақытта министрлікке ұстау себебі, сондай-ақ таратылған ақпаратта айтылған мән-жайлар белгісіз. Тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Ресми сауал түскен жағдайда, министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті көмек көрсетеді", - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар