Нұрай Серікбайдың өлімі: бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:04
- 52
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың 21 шілдеге қойылған бірінші сот отырысы сотталушының ауырып қалуына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот Шымкентте 2026 жылғы 21 шілдеде сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта өтуі керек болған. Дегенмен сотталушы аталған күнде ауырып қалған.
Жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ іс материалдарымен таныстыру туралы өтініш айтты.
“Меніңше сотталушының қатысу бұл жерге қатты керегі жоқ. Біз сотқа дейінгі барлық деректі таныстыра берсек”, – деді адвокат.
Дегенмен судья соттың әлі басталмағанын және уәжді қабылдау үшін барлық тараптар қатысуы керек екенін жеткізді.
“Сотталушының денсаулығының нашарлауына байланысты сотты кейінге қалдырамыз. Оның қашан жақсаратыны белгісіз. Соған қарай алдағы сот отырысын қай күнге қоятынымызды анықтайтын боламыз”, – деді судья.



