Қоғам
“44 градусқа дейін ыстық”: синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:40
- 58
23-25 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамы.
Қазгидромет 23-25 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері аптап ыстық қайта келеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр әкеледі. Кейбір өңірлерде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Алайда Қазақстанның батыс аймақтарына күндізгі уақытта аптап ыстық болып, ауа температурасы 34-39 градусқа, ал кей жерлерде 40-44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Келесі мақала




