Қоғам
Тайландтан біреудің чемоданын алып өтпек болған қазақстандық қыз 16 жылға сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:56
- 9
Алматы әуежайында есірткі алып өтпек болған қыз ұсталды.
22 жастағы қазақстандық бойжеткен Таиландтан Қазақстанға 8,8 келі каннабис сығындысын алып өтпек болған. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және контрабанда жасау бойынша кінәлі деп таныды.
Сот мәліметінше, ол ақшалай сыйақы үшін екі чемоданды Бангкоктен Алматыға жеткізуге келіскен. Бірақ Алматы халықаралық әуежайына қонған сәтте ұсталған.
Прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" немесе тегін саяхат туралы ұсыныстардың артында халықаралық есірткі тасымалы схемалары тұруы мүмкін екенін ескертті.
Келесі мақала


