Павлодар облысында жұмыс кезінде қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:10
- 44
Павлодар облысында кәріз құдығын жасау кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қолдау көрсету шаралары басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Ақтоғай ауданындағы «AQTOGAI MILK» ЖШС аумағында болған.
Үкімет басшылығының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын зерттеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Еңбек, ТЖМ, ІІМ, Денсаулық сақтау, Экология және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті әкімдік өкілдері енді.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тергеу барысы Үкіметтің тікелей бақылауына алынды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев оқиға орнына арнайы барып, марқұмдардың жақындарымен кездесіп, көңіл айтты.
Жұмыс беруші тарап марқұмдардың отбасыларына келесідей міндеттемелерді өз мойнына алды:
Кешенді қаржылай көмек: Марқұмдардың банктік несиелері толық өтеледі және олардың жалақысы жыл соңына дейін төленіп тұрады.
Балаларды қолдау: Қаза тапқан қызметкерлердің кәмелетке толмаған балалары 18 жасқа толғанға дейін оларды асырау және білім алу шығындарын компания толығымен жабады.
Медициналық көмек: Аман қалған қызметкерге қажетті барлық емдеу және реабилитация шаралары көрсетілуде.



