Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық банк төрағасының орынбасарына қызметкерлерге берілген сыйақыға байланысты айыппұл салынды

Ұлттық банк төрағасының орынбасарына қызметкерлерге берілген сыйақыға байланысты айыппұл салынды
Сурет: dknews.kz
Ұлттық банк Әлия Молдабековаға айыппұл салу туралы сот қаулысының әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабековаға қызметкерлерге төленген сыйлықақыларды қайтару туралы Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындамағаны үшін айыппұл салынды. Ұлттық банк жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте банк Әлия Молдабековаға айыппұл салу туралы сот қаулысының әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

"Уәкілетті органдар актілерінің орындалу міндеттілігі принципін басшылыққа ала отырып, Ұлттық банк нұсқаманы орындауға бағытталған барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Ұлттық банк заңнама талаптарын, құқық қолдану практикасын және уәкілетті органдардың ұсынымдарын ескере отырып, ішкі рәсімдер мен ішкі бақылау тетіктерін тұрақты негізде жетілдіріп отырады", – деп хабарлады Ұлттық банктегілер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар