Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ЖАКО: желіде танымал тұлғаның атынан жұртқа ақша ұсынып, оларды белгілі бір партияға дауыс беруге шақырған

ЖАКО: желіде танымал тұлғаның атынан жұртқа ақша ұсынып, оларды белгілі бір партияға дауыс беруге шақырған
ОСК
Жалған ақпаратпен күрес орталығы бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралуы артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық тұлғаның бейнесі қолданылған жалған жарияланым тарап жатқаны анықталды. Онда азаматтар белгілі бір саяси партияны қолдауға және жаппай іс-шараға қатысуға шақырылады. Сонымен қатар, аталған тұлғаның атынан саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай сыйақы беріледі деген жалған уәделер таратылуда.

Жарияланымда аты аталған азамат бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеп, өз оқырмандарына оның жалған екенін ескертті.

Орталық азаматтардың сайлау заңнамасының негізгі талаптарын білуі маңызды екенін атап өтеді. Көп жағдайда дәл осы талаптардың өрескел бұзылуы мұндай манипуляцияларды бірден анықтауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, сайлауалды үгіт жүргізу қағидаларына сәйкес, азаматтың жазбаша келісімінсіз оның бейнесін үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес, кандидатты немесе саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай төлем, тауар, қызмет, қайырымдылық көмек, лотерея немесе өзге де материалдық игілік уәде етілетін сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ таралып жатқан жарияланымда ресми түрде расталмаған жаппай іс-шараға қатысуға шақырулар бар. Рұқсат етілмеген жаппай іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Еске саламыз, сайлауалды үгіт-насихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және тек уәкілетті субъектілер арқылы ғана жүргізіледі.

Азаматтарды мұндай жарияланымдарға сын көзбен қарауға шақырамыз. Егер таралып жатқан ақпарат заң талаптарына айқын қайшы келсе, саяси қолдау үшін ақшалай сыйақы уәде етсе немесе белгілі тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдаланса, бұл оның шынайылығына күмән келтіруге елеулі негіз болып табылады. Сайлау науқаны туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алып, тексерілмеген хабарламаларды таратпаңыз.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар