Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында депутат шетелдік инвесторды зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысында депутат шетелдік инвесторды зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: ru.krymr.com
Ер адам шетелдік инвесторды елсіз жерге апарып зорлаған.

Түркістан облысында 43 жастағы ер адам шетелдік азаматшаны зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Қытай Халық Республикасынан келген төрт инвесторды Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылына алып барған. Шетелдік кәсіпкерлер бұл өңірдегі қорғасын-мырыш кенін өндіру мүмкіндіктерімен танысуға келген.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, ер адам қытай азаматын Lexus автокөлігіне отырғызып, елсіз жерге апарып зорлаған.

Оқиға туралы арыз түскеннен кейін Бәйдібек аудандық полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті – Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.

Ведомство тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ұсталған азамат Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев болуы мүмкін. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар