«Жауапсыз қалған сұрақтар бар»: тұңғышынан айырылып қалған Жанаргүл Жаныаманова жазба арнады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:01
- 34
Танымал актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен тұңғыш ұлына жазба арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге түскен суреттерін жариялаған.
“Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың. Көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің. Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандықтың үлгісін көрсеттің”, – деп жазды актриса.
Жанаргүл Жаныаманова ұлының емделу барысына қатысты көкейінде әлі де сұрақтар қалғанын айтты.
“Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар. Бірақ “Құдайсыз қурай да сынбайды” демек, бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар. Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз ”, – деді ол.




