Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда әйел жалғызбасты ананы басып кетті: көлік иесі рақымшылыққа ілініп кетті

Көкшетауда әйел жалғызбасты ананы басып кетті: көлік иесі рақымшылыққа ілініп кетті
Сурет: видеодан скриншот
Мамыр айында жүргізуші куәлігі жоқ әйел жолдың шетінде кетіп бара жатқан жолаушыны басып кетті.

Көкшетауда жол талғамайтын көлік астына түсіп қаза тапқан әйелдің ісі бойынша көлік иесіне қатысты қылмыстық іс рақымшылық жасау туралы заң негізінде тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, көлік иесіне қатысты материалдар бөлек өндіріске шығарылған. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабының 3-бөлігі бойынша – жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік құралын басқаруға рұқсат беру, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша айып тағылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс рақымшылық жасау туралы акт негізінде қысқартылған.

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Көкшетаудағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы автотұрақта болған. Аулаға кіріп келе жатқан жол талғамайтын көлік бордюрге шығып кетіп, 52 жастағы әйелді қағып кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Көлікті иесінің жұбайы басқарған. Тергеу барысында оның жүргізуші куәлігі болмағаны әрі автокөлік жүргізу мектебінде оқымағаны анықталған. Осыған байланысты жүргізуші әйелге және оны көлік жүргізуге жіберген күйеуіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Сотта әйел рөлге күйеуінің келісімімен отырғанын, себебі оның өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

23 маусымда Көкшетау қалалық соты әйелді кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, сот үкімнің орындалуын үш жылға кейінге қалдырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар