Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

+44 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда шілде айының соңғы күндері күн ыстық болады

+44 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда шілде айының соңғы күндері күн ыстық болады
Сурет: gismeteo.kz
Синоптиктер шілде айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Шілде айының соңғы күндері күн ыстық болады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде 30 шілде мен 1 тамыз аралығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін.

Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерге жауын-шашын жетпейді.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылай береді. Орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа +33…+41 градусқа дейін қызса, оңтүстікте +35…+44 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде ыстықтан кейін аздап жеңілдік болады. 1 тамызда бұл аймақтарда күн салқындап, күндізгі температура +25…+35 градус шамасында болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар