Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Дәрігерлер өмірі үшін күресуде». Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті

«Дәрігерлер өмірі үшін күресуде». Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті
ашық дереккөз
Мамандар мәнерлеп сырғанаушының жағдайы ауыр екенін айтты
Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматы қаласында пышақтап кетті. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Жағымсыз жаңалықты алғашқылардың бірі болып Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісті. «Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жансақтау бөлімінде жатыр. Пышақ жарақаты салдарынан ол көп қан жоғалтқан. Шамамен үш литр. Қазір Алматы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жеке сөйлестім. Бұл ситуацияны олар жіті бақылауда. Қазір тергеу жұмыстары басталып, шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Бұл үлкен қайғы және оны қабылдау өте қиын. Қазір бәріміз де Денистің сауығып кетуін тілеп отырмыз. Оның тірі қалып, тезірек жазылғанын қалаймыз! Біз барлығымыз жақсылыққа сенеміз. Шын жүректен Денистің сауығып кеткенін қалаймын», — деп жазды министр. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар