Сербияда Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда қаза тапты. Марқұмның туыстарының айтуынша, бойжеткен Белград қаласындағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Отбасы бұл оқиғаның жан-жақты тергелуі қажет екенін айтып, оның жай ғана жазатайым жағдай болмауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Марқұмның әкесі видеоүндеу жариялап, қызының өліміне қатысты көптеген сұрақ туындағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, оқиғаға Влад есімді жігіттің, сондай-ақ Украина азаматтары болуы мүмкін бірнеше қыздың қатысы болуы ықтимал. Әкесі қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды өзімен байланысуға шақырды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі республика азаматының қаза тапқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Министрлік бұл істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.



