Алматы облысында жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалып кетті
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:41
- 33
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер қозғалысы хабарлады.
Еріктілердің мәліметінше, 2009 жылы 27 шілдеде туған Ясмина Шерзатқызы Шертаева 21 шілде күні шамамен сағат 23:30 шамасында Қарасай ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Алдын ала ақпарат бойынша, қыз соңғы рет Қарасай ауданындағы “Долан” аялдамасы маңында, “Бамбарбия Кергуду” ресто-барының жанындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда одан кейін қандай көлікке отырғаны немесе қай бағытқа кеткені әзірге анықталмаған.
Іздестіру тобының айтуынша, Ясмина үйден бас киімсіз шыққан. Оның жанында ұялы телефоны болғанымен, әзірге SIM-картасының нөмірі мен телефонның IMEI деректерін анықтау мүмкін болмай отыр.
Осыған байланысты еріктілер Алматы – Бішкек тасжолымен 21 шілде күні сағат 23:30 мен 00:00 аралығында жүрген жүргізушілерге үндеу жасады. Егер көлігіңіздің бейнетіркегішіне “Долан” аялдамасы мен “Бамбарбия Кергуду” ресто-бары маңындағы жол бөлігі түсіп қалған болса, жазбаларды қарап шығу сұралады.
Сондай-ақ, қызды көрген, көлігіне мінгізген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан шұғыл түрде хабар беру өтініледі.
Ақпаратты төмендегі байланыс нөмірлері арқылы жеткізуге болады:
* +7 701 375 92 91
* +7 705 105 31 31 (қоңырау немесе WhatsApp)
Сонымен қатар мәліметті LIDER.KZ еріктілерінің Instagram парақшасына немесе 102 арнасына хабарлау арқылы да жеткізуге болады.




