Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ет неге қымбаттап кетті: министр себебін түсіндірді

Қазақстанда ет неге қымбаттап кетті: министр себебін түсіндірді
Сурет: infocity.kharkiv.ua
Сауда және интеграция министрі ет бағасының өсуін түсіндірді.

Үкіметте өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы ет бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифингте журналистер еттің қайтадан қымбаттағанын көрсететін статистикалық деректерді келтірді. БАҚ мәліметінше, бір жылда қатты қымбаттаған өнім – қой еті, оның бағасы орта есеппен 27,7 пайызға өскен. Сиыр еті, тартылған ет және тауық сан еті де одан қалыспай тұр. Журналистер бағаның бұлай өсуіне не себеп болғанын сұрады.

"Иә, шынында да, ет өнімдері бойынша динамиканы байқап отырмыз. Қазіргі таңда баға динамикасын қарасақ, өсім бар, бірақ ол қалыпты деңгейде. Ең бастысы – ет сатылымда бар. Мысалы, біз өткен демалыс күндері нарықтағы бағаға мониторинг жүргіздік, сиырдың жілік етінің 1 келісі 3 700 теңге болды, сауда желілерінде сәл қымбатырақ", - деді Арман Шаққалиев.

Ол бағаның өсуін етке деген сұраныстың жоғары болуынан деп түсіндірді. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде сиыр етін тұтыну айтарлықтай артқан.

"Біз – жаһандық үдерістердің ажырамас бөлігіміз, сондықтан, мысалы, Өзбекстанда сұраныс артса, әрине, біздің бизнес соны таңдайды. Парсы шығанағындағы оқиғалар қой еті бағасының құбылуына әсер етті.

Дегенмен бүгінгі таңда бағаның күрт өсуін байқап отырған жоқпыз. Баға өзгеріп жатыр, иә, бірақ жалпы алғанда тұрақты және қазіргі уақытта мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде ешқандай үзіліс жоқ", - деп мәлімдеді министр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар