“Ішкі ағзалары жарылып, жыртылып, қан толған”: Қапшағайда 4-қабаттан секірген сарбаздың туысы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 49
Қапшағайдағы десанттық-шабуылдау әскери бөлімнің сарбазы түнде 4-ші қабаттан секіріп кетті. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сарбаздың ауыр жарақат алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Журналист Гүлмира Әбіқайдың желідегі парақшасында жазуынша, сарбаздың ішкі ағзаларының бәрі езілген.
“Аяқ-қол, басы аман. Бірақ, ішкі органдарының бәрі езілген. Реанимацияға түскен Санжардың халін ата-анасына командир түнде естіртіпті. Содан бері әке-шешесі жансақтау бөлімін күзетуде. “Сіз жариялаған соң бұлар жүгіре бастады. Балаға операция жасады, өтін алып тастады. Өкпесі жараланып, көп қан кеткен. Жыртылған ішегін тікті. бүйрегі тупой предметпен ұрылған ұйып қалған көп қан тазаланды. Сол жақ қабырғасы мен жамбасы сынған. Ішкі құрылысы ұрылып, әбден езілген. Биіктіктен құлаған адамның тупой предмет тиіп, іші әбден езілуі қалай деп басымыз қатуда?” дейді қазір ғана сөйлескен әпкесі Әсел”, - деп жазды журналист.
Қазіргі кезде министрлік тексеруге арнайы комиссия құрған, жағдай ерекше бақылауда.
Санжар отбасындағы 3 баланың үлкені. Өзінің туған інісі де әскерде Отан алдындағы борышын өтеуде.




