Jas Vibe брендтелген автобусы алматылықтарды фестивальдің қорытынды концертіне шақырады (Фото)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 15:36
- 60
3 тамыз Алматы қаласында Дүниежүзілік жастар күніне арналған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі аясында Jas Vibe мерекелік акциясы бастау алды. Жоба 12 тамызға дейін жалғасып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлауға және фестивальдің қорытынды іс-шараларына шақыруға бағытталған.

Он күн бойы Алматы көшелерінде арнайы брендтелген автобус қатынап, қала маскоттары мен «Жас Алматы» белсенділері тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, түрлі интерактивтер ұйымдастырады, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, барша алматылықтарды 12 тамыз күні өтетін фестивальдің қорытынды концертіне шақырады.

Акция барысында интерактивтер мен ойындарға белсенді қатысқан тұрғындарға ALMA LOVE 2026 фестивалінің қорытынды концертіне арналған фан-аймаққа шақыру билеті табысталады.
Жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, қалалық бірлік пен достық рухын қалыптастыруға, сондай-ақ жастар мәдениетін дамытуға бағытталған.
«Осындай мерекелік жобалардың қаланың әр ауданында өтіп жатқаны өте қуантады. Бұл адамдарды біріктіреді, жақсы көңіл күй сыйлайды және жастардың бастамаларына қызығушылықты арттырады. Міндетті түрде фестивальдің қорытынды концертіне қатысамын», - деп атап өтті акцияға қатысқан Алматы қаласының жас тұрғаны.

ALMA LOVE 2026 фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Дүниежүзілік жастар күніне орай мәдени, спорттық, білім беру, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы ондаған іс-шараны біріктіреді.




