Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Оны аңдып жүргенін білген жоқпын": сотталушының анасы Нұрайды ұлымен бірге үйге өз еркімен келгенін айтты

"Оны аңдып жүргенін білген жоқпын": сотталушының анасы Нұрайды ұлымен бірге үйге өз еркімен келгенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Нұрай Серікбайды өлтірген сотталущының анасы сотта сөйледі.

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында сотталушының анасы мен әжесі сөз сөйледі. Олардың екеуі де Нұрайды алып қашып келген күні оның өз келісімін бергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сотталушының анасы Айгүл Макенованың айтуынша, Нұрай алып қашып келген күні өз еркімен келген.

“Нұрайды алып келгенге дейін танымадым. Ешқандай қарым-қатынас болмады. Келген соң Нұрай ешқандай қарсылық танытқан жоқ. Өз еркімен түсті. Сосын біз жолдасым Әлмаханның рұқсатымен үйге кіргіздік. Алдымен тамақтанып алсын дедік. Сосын өзінің келісімін алайық деп бірден орамал жаппайтынымызды айттық. Мен сұрап алдым бірінші. Ол келісімін берді. Екі рет анықтап сұрадым. Келіспесең жаппаймыз дедік. Ол “жаба беріңіз келісемін” деді ”, – деді ол.

Адвокат Айгүл Макеноваға алып қашу оқиғасынан кейін ұлына қандай ақыл айтқанын сұрады.

“Иә жолама деп айттым. Бірақ оны аңдып жүргенін білген жоқпын. Қайғылы оқиға күні кешке қарай сағат 20:00-де үйге полиция келді. Кейін ол ауылдан ұсталды”, – деді сотталушының анасы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты неліктен жігіт жақтың құда түсуді ойланбағанын сұрағанда, ол жастар солай келіскен деп ойлағанын айтты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар