Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жаңа оқу жылында оқушылар қай кезде емтихан тапсыратынын белгілі болды

Қазақстанда жаңа оқу жылында оқушылар қай кезде емтихан тапсыратынын белгілі болды
Сурет: liter.kz
Мектеп оқушыларының демалыс кезеңдері және емтихан тапсыру мерзімдері белгіленді.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Құжатқа сәйкес, еліміздегі барлық орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

 

Бұйрықта мектеп демалыстарының мерзімдері де бекітілген. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін, қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін, көктемгі демалыс 2027 жылғы 22 наурыздан 28 наурызға дейін созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында қосымша демалыс қарастырылған.

 

"9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2027 жылғы 31 мамыр мен 11 маусым аралығында; 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында өтеді", - делінген бұйрықта.

 

Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2027 жылғы 3 маусымда болады. 

 

11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандар 1 маусымда Қазақстан тарихынан ауызша сынақтан басталады. Одан кейін түлектер алгебра және анализ бастамалары, оқыту тілі, таңдау пәні бойынша, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады.

 

"Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 4 маусым, оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 9 маусым, таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 14 маусым, қазақ тілі мен әдебиетінен және орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2027 жылғы 17 маусым", - делінген бұйрықта.

 

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар