Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Салтанат Бақаева: Өзімді арық қыздардың қатарына қосқан емеспін

Салтанат Бақаева: Өзімді арық қыздардың қатарына қосқан емеспін
ашық дереккөз
Әнші отбасымен бірге шетелде демалып жатыр
Бірнеше күннен бері Салтанат Бақаева күйеуі және ұлымен бірге Мысыр елінде саяхаттап жүр. Әнші күн сайын әлеуметтік желі арқылы демалысының қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Бұл жолы су киімімен суретке түскен жұлдыз ешуақытта артық салмақ үшін алаңдамағанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Мен еш уақытта өзімді арық қыздардың қатарына қосқан емеспін. Өзімді 90% қабылдаймын. 10% кемшілік байдың қызында да болады. Онымен шамам келгенше жұмыс жасаймын көңіліме қарай. Ал, сіздер, адам өзін өзгерте алады дегенге сенесіздер ме?» - дейді Салтанат Бақаева.  width= Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары әншіні купальникпен суретке түскені үшін сынады. Тіпті, бүгіннен бастап әнін тыңдамайтындарын айтқандар да болды. «Менің де жыным келіп отыр. Ар-намысы бар әнші сымақтар құрып бара жатыр», «Дәл бүгіннен бастап мен үшін Салтанат деген әнші жоқ», «Адам өзі жақсы көрген адамға ғана айтады. Әйтпесе жалаңаш әнші көрмей жүрген жоқпыз ғой. Салтанатты өз басым ар-намысы бар, ибалы, тәрбиелі әнші деп жақсы көретін едім. Бүгін мына кейпін көріп түңіліп кеттім», «Ой, қойыңдаршы, ақылдысымақтар. Суда халатпен жүрмейтін шығар енді» деп жазды желі қолданушылары. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар