Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәрігерлер Денис Тенді неліктен құтқарып қала алмағандарын түсіндірді

Дәрігерлер Денис Тенді неліктен құтқарып қала алмағандарын түсіндірді
ашық дереккөз
«Ол көзді ашып-жұмғанша қайтыс болды».
Дәрігерлер Денис Теннің өмірі үшін қалай күрескендерін айтып берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Қалалық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің хабарлауынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15:23-те жеткізілді. «Барлық жақындары мен туысқандарына көңіл айтқым келеді. Ол көзді ашып-жұмғанша қайтыс болды. Бізге өте ауыр, клиникалық өлім күйінде жеткізілді. Мұнда оны жедел жәрдем алып келді. Екі сағат бойы жүрек пен өкпесіне ота жасалды. Оның өмірін құтқарып қалу үшін барымызды аямадық. Бірақ, өкінішке орай, ол қайтыс болды. Жарақатын локализациялау кезінде көз жұмды», - дейді дәрігер. Ержан Құттығожиннің айтуынша, жедел жәрдем оқиға болған жерге жылдам келген. «Қажетті көмектің барлығы көрсетілді. Бірақ, ірі тамырлары жарақаттанғандықтан, оны құтқарып қалу мүмкін болмады», - дейді ол. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар