Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда әйелдерге қосымша демалыс берілуі мүмкін бе?: министрлік жауап берді

Қазақстанда әйелдерге қосымша демалыс берілуі мүмкін бе?: министрлік жауап берді
Сурет: melanomaunit.moscow
Менструациялық демалыс Қазақстанда қарастырылған ба?

Менструациялық демалыс кейбір елдердің еңбек заңнамасының бір бөлігіне айналып келеді. Мұндай нормалар Жапония, Испания, Португалия және басқа да бірқатар мемлекетте қолданылады. Жақында бұл қатарға Черногория да қосылды. Ал Қазақстанда әйелдерге осындай демалыс қарастырылған-қарастырылмағанын Tengri Life анықтады анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанда қазіргі уақытта етеккірге байланысты арнайы демалыс жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  жақын уақытта мұндай демалысты енгізу жоспарланбағанын хабарлады.

Ведомство өкілдері бұл бағыттағы халықаралық тәжірибе зерттеліп жатқанын, алайда қазіргі таңда еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуге жеткілікті негіз жоқ екенін атап өтті.

«Халықаралық тәжірибені зерделеу – физиологиялық ерекшеліктерге байланысты демалысты Қазақстанда енгізудің орындылығын бағалаудағы негізгі фактор. Еңбек заңнамасын толықтыру жөнінде эмпирикалық деректерге және халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді тәжірибеге негізделген ұсыныстардың болмауына байланысты әйел қызметкерлерге физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты демалыс енгізу министрліктің заң шығару жұмыстарының жоспарында жоқ», – деп атап өтті министрлік.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, қолданыстағы заңнамада қызметкер жағдайға қарай пайдалана алатын демалыстың басқа да түрлері қарастырылған.

Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, Қазақстан азаматтары:
    •    негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын;
    •    жалақы сақталмайтын демалысты;
    •    оқу демалысын;
    •    жүктілікке және бала тууына байланысты демалысты;
    •    жаңа туған баланы асырап алуға (қыз асырап алуға немесе ұл асырап алуға) байланысты демалысты;
    •    үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысты;
    •    скринингтік зерттеулерден өту үшін жылына үш жұмыс күніне дейінгі демалысты;
    •    жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде үш жұмыс күні берілетін демалысты рәсімдей алады.

Айта кетейік, жақында Қазақстанда 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қызметкерлерге жұмыс орнында киберқауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жаңа міндет жүктелетіні белгілі болды. Тиісті өзгерістер цифрландыру және дербес деректерді қорғау туралы заң аясында Еңбек кодексіне енгізілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар