Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда қатты желден батут ұшып, ойнап жүрген екі бала құлап кетті

Таразда қатты желден батут ұшып, ойнап жүрген екі бала құлап кетті
Сурет: видеодан скриншот
Таразда батут қатты желге ұшып, ішіндегі балалар құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ұлы Дала шағын ауданындағы болған. Батут қатты желмен көтеріліп, үстінде ойнап жатқан екі бала жерге құлап түсті.

Жедел жәрдем көлігі балаларды ауруханаға апарды, онда фельдшерлер олардың ешқандай жарақат алмағанын анықтады.

Әулиеата аудан әкімінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ерғараев батуттың заңсыз орнатылғанын айтты. Аудан әкімшілігі оқиға орнына полиция шақырып, батут иесіне 20 айлық есептік көрсеткіш (86 000 теңге) айыппұл салды.

“Ол 10-ы немесе 11-і күні орнатылған. 11-і күні қатты жел болғандықтан, батут көтеріліп кетті. Онда ешқандай сертификат, рұқсат немесе қауіпсіздік құралдары, соның ішінде ұстағыштар болған жоқ”, – деді Ерғараев.

Батут иесі мен балалардың ата-аналары мәселені шешіп, шағымданбауға келісті.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар