Трамп балаларға салынатын вакцина санын қысқартты
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 тамыз, 2026
- 426
Жарлық бойынша кәмелетке толмағандардың бәріне екпе салу ұсынылатын инфекциялар саны 18-ден 11-ге дейін қысқарды.
Президент жас балаларға арналған вакцинациялардың қауіпсіздігіне күмәнмен қарады.
«Біз MMR вакцинасы әртүрлі уақытта жасалатын үш бөлек вакцинадан тұруын қаладық. Оларды бірге салу өте қауіпті болуы мүмкін, ал жеке алғанда қауіп болмайды. Сондықтан біз MMR вакцинацияларын әртүрлі уақытта жасатқымыз келеді, - деді Дональд Трамп.
Трамп сонымен қатар ата-аналардың балалары қандай вакцинация алатынын таңдау мүмкіндігі болатынын да атап өтті.
АҚШ-тағы жаңа тәсілге сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларды 11 инфекцияға қарсы вакцинациялау ұсынылады:
- қызылша,
- қызамық,
- эпидемиялық паротит,
- дифтерия,
- сіреспе,
- көкжөтел,
- полиомиелит,
- B типті гемофильді инфекция,
- пневмококк инфекциясы,
- желшешек,
- адам папилломасы вирусы.
Ал келесі инфекцияларға қарсы екпелер күнтізбеден шығарылды:
- А гепатиті,
- В гепатиті,
- ротавирус,
- тұмаудың респираторлық-синцитиальды вирусы (РСВ),
- менингококк инфекциясы,
- тұмау,
- COVID-19.
Бұл бастама ғылыми қауымдастық пен медицина мамандары тарапынан үлкен сынға ұшырады. Сарапшылар мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) өкілдері ҚҚЗ вакцинасын бөліп салудың ғылыми негізсіз екенін және екпе арасындағы уақытты созу балалардың инфекция жұқтыру қаупін арттыратынын хабарлады.
Жаңа жарлықтың міндетті күші жоқ, өйткені АҚШ-та мектепке қабылдау кезіндегі вакцинация талаптарын федералды үкімет емес, әр штаттың жергілікті билігі дербес белгілейді.
Қазақстанда 500 мыңға жуық азамат жұмыссыз
Ұқсас жаңалықтар
"COVID-ке ұқсас тұмау тарауда": Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 қыркүйек, 2026
Алматыда дәрігерлер сәбиден салмағы екі келі болатын ісікті алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




