Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың кенже қызының тұсауын Динара Сәтжан кесті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:36
- 42
Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
«Тоқ ішек - тоқшылықтың, молшылықтың нышаны. Халқымыз «тоқ болсын» деп тілеген. Бұл береке мен тыныш өмірдің белгісі. Жасыл шөп өмірдің өзі. Өсім, жаңару, үміт… Әр көктем сайын тіршілік қайта түлейді. Ала жіп адалдықтың белгісі. Дәстүр бойынша қызымызды жалаң аяқ жерге тұрғыздық. Табанымен көкті басып, жер қуатын алып, жылуын сезіп, тіршілікті жалғасын. Әр қадамың жер анаға аманат. Бұл сенің тағдырыңның бастауы», - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Бүлдіршіннің тұсауын танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға кесу бұйырды.
«Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рабия Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, үлкен абырой мен сенім. Рабия Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббат ала келді», – деп жазды Динара Сәтжан.




