Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да аға буын өкілдеріне интернет-алаяқтардан қалай қорғану керектігі түсіндірілді

ШҚО-да аға буын өкілдеріне интернет-алаяқтардан қалай қорғану керектігі түсіндірілді
«Құқықтық қамқорлық» акциясының негізгі міндеттерінің бірі — тек қауіп туралы ескерту ғана емес, сонымен қатар оны дер кезінде танып-білуге үйрету.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық қамқорлық» тұрақты әлеуметтік акциясын бастамашылық етті. Оның аясында аға буын өкілдеріне — қарқынды дамып жатқан цифрлық технологияларға әрдайым тез бейімделе бермейтін және осыған байланысты интернет-алаяқтардың құрбаны болу қаупі жоғары адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Өскемен қаласының прокуратура қызметкерлері киберполиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қатысушыларға интернет-алаяқтықтың ең көп таралған схемалары туралы айтып, нақты мысалдар арқылы алаяқтықты қалай анықтауға және өз қаражатын жоғалтпауға болатынын көрсетті.

Бүгінде қылмыскерлер телефон қоңырауларын, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып, өздерін банк, құқық қорғау органдарының немесе басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар адамның абдырап қалуына, сенгіштігіне және туындаған «мәселені» тез шешуге деген ұмтылысына арқа сүйейді.

Сондықтан «Құқықтық қамқорлық» акциясының негізгі міндеттерінің бірі — тек қауіп туралы ескерту ғана емес, сонымен қатар оны дер кезінде танып-білуге үйрету. Алаяқтықтың негізгі схемаларын білу және цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау қылмыскерлерден қорғанудың тиімді тәсілі бола алады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар