Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ер адам лифттен шығып бара жатқан әйелді теуіп жіберген

Ер адам лифттен шығып бара жатқан әйелді теуіп жіберген
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде әйел бейтаныс жігіттің лифтіде соңына түсіп, өзіне заңсыз әрекет жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ

Әйел бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қараған. Ол жерде көлікте отырған жігіттің әдейі оның соңынан лифтке дейін жүгіріп барғанын көрген.

“Лифтіде алаңсыз тұрған едім. Тіпті ол кіріп үлгерсін деп есігін ұстап тұрдым. Ол түймелерді агрессивті түрде басып, қолы маған тиіп кетті. Содан кейін мені ұстай бастады. "Маған тиіспеңізші" деп едім әдейі артымда тұрып алды. Шығуымды күтті. Содан кейін мені теуіп жіберді", – деп сипаттады әйел.

Оқиғаға қатысты Астана қаласы полиция департаментінің Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері пікір білдірді. Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырыған. Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар