Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын алдағы 3-4 жыл ішінде тағы екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен "Болашақ бейнесі: нәтижеден жаңа стратегияға" атты форумда мәлімдеген.
Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың шәкіртақысы екі есе өскен.
"Қазір докторанттардың шәкіртақысы - айына 252 мың теңге. Алдағы 3-4 жыл ішінде оны тағы екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, министр Қазақстанда "Индустриялық PhD" бағдарламасы іске қосылғанын жеткізді. Енді жас ғалымдар өндірістен қол үзбей, жеңілдетілген тәртіппен үш жыл ішінде PhD дәрежесін ала алады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




