Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, қылқындырып, пышақпен қорқытқан

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, қылқындырып, пышақпен қорқытқан
Сурет: riakalm.ru
Жамбыл облысында құқық қорғау органдары жүктілігінің соңғы кезеңіндегі 18 жастағы қызға жасалған қатыгездік фактісін тергеп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікке оның күйеуі ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Astana TV-ға сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде тараған. Жарияланымға сәйкес, ер адамның әйеліне ашулануына оның үйден рұқсатсыз шығып кетуі себеп болған.

Ер адам жүкті әйелін күштеп көлікке отырғызып, зират жаққа алып барған. Жол бойы оның басынан ұрған. Зират аумағында ер адам жұбайының телефонын тартып алып, пышақпен қорқытқан, қылқындырып, бетінен ұрып-соққан. Алған жарақаты мен қорқынышынан әйел адамның сол жерде толғағы басталып, суы кеткен. Алайда ер адам мұнымен тоқтамай, оны бір сағаттан астам уақыт бойы ұстап отырған.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар