Мектептер мен ауруханалар 1 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайын болуға тиіс - Бектенов
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 тамыз, 2026
- 249
Бектеновтің айтуынша, 15 қазанға дейін жылуды іске қосуға толық дайын болуы тиіс.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етсін. Оқу-ағарту, Ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлер бойынша барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлер 15 қазанға дейін жылуды іске қосуға толық дайын болуға тиіс», – деді Бектенов.
Премьер-министр өзінің бірінші орынбасарына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
«Менің тапсырмам бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары өңірлерді аралап, оның ішінде жылыту маусымына дайындық барысын да тексеріп келді. Нұрлыбек Машбекұлы, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, әр апта сайын өңірлердегі жағдай туралы маған баяндап тұрыңыз», – деп тапсырды Олжас Бектенов.
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026
Семейде 9-сынып оқушысы сыныптасын 15 жерінен пышақтап тастаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




