Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда шұғыл қонған ұшақтың жолаушысы көз жұмды

Атырауда шұғыл қонған ұшақтың жолаушысы көз жұмды
Сурет: informburo.kz
Атырау әуежайына шұғыл қонған "Аэрофлот" әуекомпаниясының жолаушысы қайтыс болды.  Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жолаушының өлімі туралы дерек 25 тамызда Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта көліктегі полиция департаменті алғашқы тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған алғашқы кешенді тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімге жедел жүрек жетіспеушілігі себеп болған.

Бұл ретте полиция өзге мәліметтерді әзірге жариялаған жоқ. Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын түсіндірді.

Атырау әуежайының баспасөз қызметі қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін әуе кемесі Атырау - Екатеринбург бағыты бойынша рейсті әрі қарай жалғастырғанын қосты.

"Ұшақ қонғанға дейін әуежайдың тиісті қызметтері хабардар етілді және медициналық бригада әуе кемесін перронда күтіп тұрды. Медицина қызметкерлері жолаушыны тексергеннен кейін оның өмір белгілері жоқ екенін анықтады. Жолаушының денесі борттан түсіріліп, әрі қарайғы рәсімдер үшін тиісті қызметтерге берілді. Марқұммен бірге болған жолаушы әйел де рейстен қалды", - деп хабарлады әуе айлағы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар